Жаңалықтар тізбегі
0

ОҚО әкімі Шымкенттің миллионыншы тұрғынына пәтер кілтін табыстады

Самат Мырзалиев, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2018 20:30 Самат Мырзалиев
Бүгін 22 жастағы жас отбасының бірінші перзенті Еламанова Айсұлу миллионыншы тұрғын атанып отыр.

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Нұрлан Сауранбаев Шымкент қаласының 1 миллионыншы тұрғыны дүниеге келген Еламановтар отбасын құттықтап, жас отбасыға 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін 22 жастағы жас отбасының бірінші перзенті Еламанова Айсұлу миллионыншы тұрғын атанып отыр. Нәрестенің ата-анасы мұндай тарихи сәт біздің отбасымызға бұйырғанына қуанышты екендерін жеткізіп, еліміздің дамуына өз үлесін қосатын білікті азаматша етіп тәрбиелеуге бар күш-жігерлерін жұмсайтындарын айтуда.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2018 20:30

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен бірнеше жыл бұрын Шымқаланы миллион тұрғыны бар орталыққа айналдыру бастамасы көтерілгенін айтқан аймақ басшысы сол мақсат жүзеге асып, Шымкент еліміздегі миллиондық халқы бар үш қаланың біріне айналып отырғанын атап өтті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2018 20:30

«Бұрын миллиондық тұрғыны бар Алматы ғана болса, қазір миллион тұрғыны бар екі қала - Астана мен Шымкент. Астана өткен жылдары миллиондық қала атанса, Шымкент биыл миллиондық халқы бар қалаға айналып отыр. Елбасы бүкіл дүние жүзінің қайраткерлер қатысқан экономикалық форумда Шымкент қаласын миллионды қала деп жариялады. Ал шымкенттіктер республикалық статус иелену бастамасын өте қызу қарқынмен қолдады. 2017 жылдың қорытындысына сәйкес облыс орталығының тұрғындары 39 мың адамға өсті. Мұның 18 мыңы ішкі көші-қон есебінен жүзеге асқан. Ал қаланың миллионыншы тұрғыны мамыр айында дүниеге келген болатын. Ол азаматша өздеріңіз көріп отырған Еламанова Айсұлу жас отбасының бірінші перзенті. Шымкенттіктердің атынан осы айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын. Кішкентай нәресте дені сау, еліне елеулі, халқына қалаулы қыз болып өсіп, елдің нағыз патриот азаматшасы болсын!»,-деді облыс әкімі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2018 20:30

Айсұлудың ата-анасы Еламанов Самат пен Ахайбекова Айжан өздеріне көрсетіліп жатқан үлкен құрмет пен сый үшін облыс басшылығына ризашылығын білдірді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2018 20:30

Сәбидің анасы Ахайбекова Айжан Хамитқызы – 1996 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Отбасында екі қыз тәрбиеленіп өскен. Шымкент қаласындағы Альфа банкте менеджер болса, әкесі Еламанов Самат Талғатұлы – Сарағаш ауданы, Абай ауылында 1995 жылы туылған. Қазіргі таңда, Шымкент қаласының жүйке аурулар ауруханасында жұмыс істейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: