Жаңалықтар тізбегі
0

Нұрлыбек Нәлібаев қызылордалық көпбалалы отбасыларға пәтер кілтін табыстады

Қоныс той, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2022 13:12 Сурет: Қызылорда облысы әкімдігі баспасөз қызметі
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ел ағаларымен бірге көпбалалы отбасыларға сол жағалау аймағынан іргесі көтерілген 40 пәтерлі жаңа арендалық көпқабатты тұрғын үйді тарту етіп, қуаныш иелерін қоныс тойымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Туған жеріміз Қызылорда қаласы соңғы уақытта қарқынды құрылыс аймағына айналды. Зәулім ғимараттар бой түзеп, жаңа ықшам аудандар салынып, шаһардың сәулеттік келбеті көркейе түсті. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сыр еліне қолдауы негізінде облыс орталығында қала көркін еселеп, ажарын аша түсетін бірнеше зәулім ғимараттың іргетасы қаланып, жаңа әлеуметтік нысан салу бастамасы сәтті түрде жүзеге асуда. Нәтижесінде облыс орталығы соңғы уақытта қарқынды құрылыс аймағына айналды. Бүгін салтанатты түрде сол жағалау аймағынан іргесі көтерілген жаңа арендалық көпқабатты тұрғын үйді жерлестерімізге тарту ету үшін жиналдық. Шаңырақтарыңызға шаттық орнап, әр жанұяға жақсылық, ынтымақ пен бірлік, амандық тілеймін. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев

Арнайы шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2022 13:12

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шарада қоғам қайраткері Айтбай Көшербаев тұрғындарды қуанышымен құттықтап, ақ тілегін арнады. Сондай-ақ, баспаналы болған аналар атынан сөз сөйлеген Әйгерім Нұрадинқызы шексіз қуанышқа кенелгенін жасырмады.  

Мен 5 баланың анасымын. Бүгін қонысқа кіріп, қуанышқа кенелудеміз. Қобалжып та тұрмын. Балаларымның жылы әрі кең үйде тұрып, лайықты білім алғанын қалайтынмын. Шүкір, баспаналы болу бақытын біз де сезіндік. Шаңырағымызда тек жақсылық орнасын. Әйгерім Нұрадинқызы

Баспана, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2022 13:12

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, "Асар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есебінен 2600 шаршы метрді құрайтын 5 қабатты 40 пәтерлік арендалық тұрғын үй ұзақ жылдан бері кезекте тұрған көпбалалы аз қамтылған отбасыларға берілді.

Қызылорда облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 683 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланды. 

Салтанатты шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2022 13:12

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Аймақта "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында 1764 пәтерді құрайтын 41 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 1044 пәтерді құрайтын 26 тұрғын үйдің құрылысын жыл аяғына дейін ел игілігіне берілмек.

Баспана, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2022 13:12

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: