Жаңалықтар тізбегі
0

Семейде ШҚО әкімі көп балалы аналарға жаңа пәтерлердің кілтін табыстады

Семей қаласының ақпараттық орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2019 21:08 Семей қаласының ақпараттық орталығы
Өз кезегінде көп балалы аналар әкімге алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей қаласына жұмыс сапары барысында Қарағайлы шағын ауданында болып, бес көп балалы анаға жаңа тұрғын үйдің кілтін табыс етті.

Пәтерлерді аралаған өңір басшысы тұрғын үйлердің сапасына риза болды. Д. Ахметов көп балалы аналарды жаңа қоныстарымен құттықтап, барлығына денсаулық пен бақыт тіледі.

- Бүгін біз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша алғашқы қадамдар жасадық, - деді Д. Ахметов. - Биыл көпбалалы аналарға 200-ден астам пәтер беріледі. Осы жұмыстар Семей қаласында болып жатқанына қуаныштымын. Бұл шағын аудан мен үшін ерекше. Менің ойымша, Қарағайлы эталондық аудан болып, Семейдің алға қарай дамитын стандарттарын қалыптастырады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2019 21:08

Өз кезегінде көп балалы аналар әкімге алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді.

- Осындай қымбат сыйлық үшін Елбасына рахмет, - деді көп балалы ана Айтбуба Айсанова. - Бізге құрметпен қарайтыны үшін қуаныштымын. Баршаңызға бейбіт аспан мен амандық тілеймін. Балаларымыз аман болсын. Осының бәрін сақтайық және көбейтейік.

Құрылыс салушылармен әңгімелесу барысында Д. Ахметов шағын ауданның архитектуралық келбетін әрлендіруді тапсырды. Жалпы, аймақ басшысы Қарағайлы ауданында салынып жатқан тұрғын үйдің сапасын жоғары бағалады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: