Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысында еңбек еріне жаңа үйдің кілтін табыстады

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2018 17:06 Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Осы уақытқа дейін көпқабатты үйде тұрып келген Сәлима апа облыс басшылығына қамқорлығы мен жаңа кең баспанасы үшін алғысын білдірді.

Ауылшаруашылығы саласының қызметкерлерін марапаттау рәсіміне орай аймақ басшысы Қ.Көшербаев «Құрмет» орденінің кавалері, Социалистік еңбек ері, 11 бала тәрбиелеп өсірген Батыр ана - Сәлима Жұмабековаға жаңа үйдің кілтін табыстады деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін Қызылордада егін жинау науқанының аяқталуына орай мерекелік іс-шаралар өтуде. Салтанатты шарада облыс әкімі ауылшаруашылығы саласының қызметкерлерін егін жинау науқанының сәтті аяқталуымен құттықтап, сала бойынша үздік қызметкерлер мен ардагерлерді марапаттады.

"Алтын дән" - бұл еңбек мерекесі болғандықтан, социалистік еңбек ері, 11 бала тәрбиелеп өсірген Батыр ана, Ыбырай Жақаевтың шәкірті-Сәлима Жұмабекованы марапаттау рәсімінен бастау керек деп санаймын. Сыр елін "Алаштың анасы" деп атайды, ал Сәлима Жұмабекқызын "Сыр анасы" деп атауға болады", - дей келе аймақ басшысы Сәлима Жұмабековаға жаңа үйдің кілтін табыстады.

Өз кезегінде, осы уақытқа дейін көпқабатты үйде тұрып келген Сәлима апа облыс басшылығына қамқорлығы мен жаңа кең баспанасы үшін алғысын білдірді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2018 17:06

Сәлима Жұмабекова 1935 жылы 25 тамызда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ленин ауылында (1997 жылдан бастап – Тұрмағамбет ауылы) дүниеге келген. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған, сондай-ақ, өзі туған ауылда ауылдық кеңесті басқарған.

2008 жылы облысқа жасаған сапары барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сыр елінің ауылшаруашылығын дамытуға қосқан зор үлесі үшін бірқатар ардагер-әйелдерге жаңа пәтердің кілтін табыстаған болатын. Олардың қатарында Сәлима Жұмабекова да болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: