Жаңалықтар тізбегі
0

Димаш желіде эфирден түсіп қалған жайт туралы жазба жариялады

Youtube, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2020 17:42 Youtube
Қазір барлығымыз мына бір аумалы-төкпелі заманда жұдырықтай жұмылып, бір-бірімізді қолдауымыз қажет. Қайырымды, мейірімді, адам деген затымызға сай болайықшы, ағайын. Ешкімді ренжітпейік - Димаш.

Димаш Құдайберген желідегі парақшасында өзі қатысқан "Россия" телеарнасындағы "Привет, Андрей!" бағдарламасында эфирден түсіп қалған жайт туралы жазба жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Құрметті достар, "Россия" телеарнасында мен қатысқан "Привет, Андрей!" бағдарламасын көрген боларсыздар. Сонда бір кішкене, бірақ мен үшін өте маңызды бір сәт эфирге түспей қалыпты. Ол арада мен өз елімді мақтан ететінімді және отандастарымның барлығын жақсы көретінімді айтамын. Анау - 2013 жылы "Саз әлемі" бағдарламасында болған нәрсе қазақстандықтардың барлығының маған деген қарым-қатынасын білдірмейді. Мен бұл бағдарламаға – 2013 жылға дейін де тура осылай ән салып жүргенмін, халықаралық байқауларда жүлделі болғанмын, қазір де ән салып келемін, өйткені солай істеу керек деп білемін, өз творчествам қалай болғанын қаласам, соны соған лайық ету үшін жасауға тырысамын. Маған бар жағынан көмектесіп, қолдау көрсететін ата-анам, туған-туыстарым, достарым бар. Бірақ қазіргі жеткен жетістігіме, ең алдымен ҚАЗАҚСТАННЫҢ арқасында жеткенімді дұрыс түсіну керек. Өйткені мен Қазақстанда өстім, қазақтың асын іштім, қазақ вокалы ұстазынан ілім-білім алдым, қазақ отбасында өмір сүрдім. Сондықтан да мені алға жылжытып, бойыма қанат бітіретін ол менің ұлтым және менің елім! Карьерарамды жаңа белеске көтерген халықаралық байқауларға қатысқан кезімде де, ол АҚШ немесе Қытай болсын, мен онда тек бір арман-тілекпен аттандым: "Қазақстанымды танытсам, Қазақстанымның беделін асқақтатсам" деген. Егер менде мұндай арман-мақсат болмаса, онда шетелге барып, өнер көрсетпес пе едім, қалай", деп жазады Димаш.

Одан соң әнші көп сынға алатын сол бағдарламаның видеосына да тоқтала кетті.

"2013 жылғы видеоға оралатын болсақ, достар, шынымды айтайын, сол видеоны тағы бір мәрте көремін деп ойлаған жоқпын, өйткені ол жайтты баяғыда жадымнан шығарып тастаған едім. Ресейлік әріптестерім алдында өзіміздікілерді ақтап-мақтамағаным үшін мені қандай да бір адамдарға әлі ренжіп жүр деп ойлап қалмаңыздар, ол мүлде олай емес, өйткені керек емес нәрсені ұмыта алатын қасиет бар менде. Сол кеште өз жерлестерім үшін айтқан сөзім болған, бірақ ол арасы да, өкінішке қарай, эфирге кетпей қалыпты. Айтқандай, құрметті достар, сол бар болғыр бір видеоны бөлісуді доғарайықшы)) Қанша жыл өтті, ал адамдар оны талқылаудан әлі жалығар емес. Мен кішкентай кезімнен сынға даяр болғанмын, ол объективті болсын, объективті емес болсын, бәрібір. Сол видеодағы адамдар қаншама жағымсыз сөз естіді. Әр адамның өз пікірі бар, уақыт өте келе мүмкін өзгеретін, мүмкін өзгермейтін, қалай дегенмен де оның барлығы артта қалды. Барлығының отбасы, бала-шағасы бар, сондықтан олардың да әр кез сайын адамдардан жағымсыз сөз етіп жатқысы келмейді деп ойлаймын. Менің өзім де сол бір видео әр елде тағы бір мәрте алдымнан атып шықса, кәдімгідей жаман болып қаламын", делінген жазбада.

Арада бірнеше сағат өткен соң Димаш желідегі парақшасында осы жазбаның жалғасы деп тағы бір қысқа жазба жариялады.

"Болар іс болды, бояуы сіңді. Өз басым, бұл жайтты баяғыда ұмытып кеткенмін. Қазір барлығымыз мына бір аумалы-төкпелі заманда жұдырықтай жұмылып, бір-бірімізді қолдауымыз қажет. Қайырымды, мейірімді, адам деген затымызға сай болайықшы, ағайын. Ешкімді ренжітпейік" деп сөзін аяқтайды Димаш.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: