Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда кинотеатрлардың 30% жабылған

liter.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2021 19:46 liter.kz
Отандық кинотеатрлар қанатын кеңге жаймастан, тағы 3-5 айға есігін жабуға мәжбүр.

Еліміздегі кинотеатрлар қайта жабылуы мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz.

"Отандық кинотеатрлар қанатын кеңге жаймастан, тағы 3-5 айға есігін жабуға мәжбүр. Биылғы Жаңа жыл мерекесі сала үшін әдеттегідей табысты болған жоқ. Репертуар бай емес, көрермен саны да бұрынғыдан анағұрлым аз. Киногерлер де өнімін жарыққа шығаруға асығар емес. Кіріс түспей қала ма деп қорқады. Биыл 15-ке тарта отандық фильм түсірілген екен. Шетелдік туындылар да күзде ғана көпшілікке ұсынылмақ. Бір сөзбен айтқанда, кино жоқ. Қазақстан кинотеатрлар иелері қауымдастығының президенті Мунира Ягудинаның айтуынша, кинозалдағы көрермен санын 50 процентке жеткізсе, премьералар да көбейер еді. Қазір елдегі кинотеатрлардың 70 проценті ғана жұмыс істеп тұр. Қалғаны нарықтан мүлде кеткен", делінеді "Хабар-24" таратқан ақпарда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: