Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде Сара Алпысқызының бастамасымен ұлттық институт ашылады

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2021 16:57 видеодан алынды
Ол Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты деп аталады.

Елімізде Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты ашылады. Бұл - Сара Назарбаеваның кезекті игі бастамасы. Ертең тұсауы кесілетін институтта еліміздегі бүкіл жастың тұлға ретінде қалыптасуына қолдау көрсетіледі, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы 10 ақпанда өткен Сара Алпысқызының қоғамдық бастамаларын талқылауға арналған онлайн-конференцияда белгілі болды. Шараға қатысушылар әр жобаға тоқталып, жетістігін жіпке тізді.

Зағипа Балиева, мемлекет және қоғам қайраткері:

- Үміт үйлері тағдыр тәлкегіне тап болған жас аналарға теңдесіз қолдау болды. Жоба елімізде тастанды бала болмауын мақсат қылып қойды. Бұл үйлерде баланы уақытша қалдыруға болады. Әрі ана сәбиін қалаған кезде көре алады. Ал аяғынан тұрғанда оны алып кетеді. Елімізде осындай үйлер барын көпшілікке жеткізуіміз керек. Әрі бұл жоба тиісті бағасын алса екен.

Әркез қайырымдық істердің басында тұрған Сара Назарбаева екі күннен соң 80 жасқа толады. Онлайн-конференцияға қатысушылар мерейтой иесінің еліміздегі педагогиканың дамуына қосқан үлесіне ерекше тоқталды. Тұңғыш президенттің жары "Өзін-өзі тану" балаларға рухани адамгершілік білім мен тәрбие беру идеясының авторы. Сара Алпысқызы "Бөбек" қайырымдылық қоры арқылы мыңдаған жетім мен мүгедекке көмектесті. Аналарды қолдауға да үлкен назар аударды. "SOS Қазақстан балалар ауылдары" қорын құрып, жетімдердің асырап алған ата-аналарымен бірге тұруына жағдай жасағаны бәрінің есінде.

Гүлжан Асанова, "SOS Қазақстан балалар ауылдары" корпоративтік қорының директоры:

- Сара Алпысқызы "SOS балалар ауылдары" қорымен әрдайым байланыста. Бізге үнемі сыйлықтарын беріп жібереді. Ұл-қыздармен сөйлесіп тұрады. Былтыр карантин кезінде балаларды қажетті заттармен қамтыды. Соның арқасында дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс құралдары жеткілікті болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: