Жаңалықтар тізбегі
0

Кетем деген әйелді ұстай алмайсың – үш рет үйленген қазақ

pinterest, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2021 21:15 pinterest
Әйелдерім бір-бір түсінсе екен. Бәрін де жақсы көрем. Лизаны да, Ардақты да, Светаны да жақсы көрем.

"Бауыржан шоу" театырының сахнасында "Отыздан асып барамын" қойылымындағы Айка, прапорщик Боранбаев сияқты қайталанбас образдар жасап, халықтың ыстық ықыласына бөленген актер Нұрбек Мәдиевтің театрдан кетуіне кім кінәлі? Танымал актер "Ең алғашқы" бағдарламасына берген жүрекжарды сұхбатында барлығын бүкпесіз баяндады.

Театр сахнасындағы үзеңгілесі актер Алмат Сақатов Нұрбек Мәдиевтің кетуіне өзін, Бауыржан Ибрагимовті, Әбунасыр Серіковті, Қуандық Шәкіржановты кінәлі санайды.

Алайда актердің өзі былай дейді:

Бұған ешкім кінәлі емес, бұған өзім кінәлі шығармын. Әкем ауыра бастады. Анам нашарлады. Әкемнің жүрегі нашарлады. Ішімнен былай ойладым: өнер Алланың бергені шығар. Бірақ әке-шешем тірі тұрғанда, қастарында болайыншы деген оймен Бәкеңнен (ред. еск. – театр басшысы Бауыржан Ибрагимов) де кешірім сұрап, жігіттерге де айтып, ауылға кеттім.

Сұхбаттан белгілі болғандай, өнерден бөлек, актердің өмір жолы да соқпақсыз болмапты.

Ең алғаш студент шағында Лиза есімді арумен шаңырақ құрып, кейін некелері сәтсіз болып, екі жаққа кетеді. Әйелімен бірге 4 жасар ұлы ере кеткен. Екінші рет Ардақ есімді жанмен бас қосып, 20 жыл отасып, үш баланы бірге өсіріп, екінші әйелімен де ажырасып кетеді.

Кетем деген адамды ұстай алмайсың. Алматыға, Талдықорғанға кетем дегенді шығарды. Есің дұрыс па? Балалар бар емес пе деп айтатынымды айттым. Ол жақта не бар, не іздеп барасың? Үйің осында, жұмысың бар. Енді балаларға қарайық дедім. Жоқ, кетем де, кетем, сол жаққа барам деді. Менің ойым, адам жақсы көретін болса, сүйетін болса, ер азаматтың артынан жүруі керек қой. Кетті де қалды. Осы жасқа дейін әйел адамға қол көтерген емеспін, - дейді Нұрбек Мәдиев.

Екінші әйелімен ажырасқанына бес-алты жыл болған актер бүгін Светлана есімді әйелмен бас қосып, бір шаңырақ астында тұрып жатыр.

Әйелдерім бір-бір түсінсе екен. Бәрін де жақсы көрем. Лизаны да, Ардақты да, Светаны да жақсы көрем. Әрқайсысы бір-бір тұлға. Қасымда жүрсе екен, балаларым араласып тұрса екен. Әйелдерім, балаларым кешірсек екен" деген жүрекжарды тілегін білдірді өнер иесі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: