Белгілі тележүргізуші Айгүл Мүкей ұл босанды
Ашық дерекөздерден алынды
Айта кетсек, тележүргізушінің бір ұлы мен бір қызы бар. Енді ол үш баланың анасы.
46 жастағы белгілі тележүргізуші Айгүл Мүкей ұл босанды. Бұл туралы тележүргізушінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Ол медициналық қызметкерлерге алғыс айтып, өзі үшін шыбын жанын шүберекке түйіп, амандығын тілеген жақын адамдарына да ризашылығын білдірді.
"Аллаға шүкір, ұл босандым. Бүгін сағат 12.19-да тағы бір батыр дүниеге келді. Қараторы, шыдамды, әжесі сияқты. Мен әлі өз-өзіме келе қойған жоқпын ... ", деп жазды бақытты ана.
Айта кетсек, тележүргізушінің бір ұлы мен бір қызы бар. Енді ол үш баланың анасы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript