Жаңалықтар тізбегі
0

Генерал Қасымовтың ұл-қыздары қалай тұрады?

МӘЛІМ КЗ, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2020 02:35 МӘЛІМ КЗ
Генерал Қасымовтың екі қыз, бір ұлы бар. Жалғыз ұлы 38 жастағы Қанат Қасымов табысты кәсіпкер.

Қазақстанда жоғарғы лауазымды шенділердің ұл-қыздарының карьералары да тамаша-ақ. Кейбірі Форбс журналындағы миллионерлер қатарында болса, енді бірі мемлекеттік қызметтің жайлы креслоларына жайғасқан, деп жазады МӘЛІМ КЗ.

МӘЛІМ КЗ сайты өз оқырмандарына Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы, полиция генерал-полковнигі Қалмұқанбет Қасымовтың ұлы-қыздары жайлы баяндайды.

Генерал Қасымовтың екі қыз, бір ұлы бар. Жалғыз ұлы 38 жастағы Қанат Қасымов табысты кәсіпкер. Қанат Қалмұқанбетұлы әкесі сынды қарапайым тергеуші боп болып еңбек жолын мехнатты жұмыспен бастамаған. Қырыққа толмай-ақ бизнесте айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіпті.

Генералдың ұлы бірнеше компанияның иесі. Атап айтсақ, "TATI Industries", "Қызылсок" кен орны, "Standart Equipment", "Жаңа Құрылыс КЗР" компанияларының қожайыны.

Сондай-ақ, "ITECTO", "КАМА.INVEST", "КАЗТРАНСТРАК" компаниялары құрылтайшыларының бірі. Оның бизнестері Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Алматы облысында тіркелген.

Алматы облысында жұмыс істеп тұрған "Қызылсок" кен орны керамикалық плиталарды шығарады.

Генералдың қыздары да бизнеске бейім екен. Жәмиля Қалмұқаметқызының атында екі ЖШС тіркелген. Ал Камила Қалмұқаметқызының ресторан бизнесімен айналысады. Ол "Емиральд" ЖШС-нің иесі. Генерал Қасымовтың ұл-қыздарына қатысты ақпараттар ашық дереккөздерден алынды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: