Жаңалықтар тізбегі
0

Шу шыққан "Алтын глобустан" Том Круз бас тартты

liga.net, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2021 19:12 liga.net
1944 жылдан бері актерлерге беріліп келе жатқан сыйлықты ұйымдастырушыларға наразылықтың басты себебі - нәсілшілдік пен қудалаушылық айыбы.

Атақты америкалық актер Том Круз "Алтын Глобус" сыйлығына қарсы наразылық акциясына қосылды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Газета.ру" атап өткендей, актер осы күнге дейін иеленген барлық марапаттардан бас тарту туралы шешім қабылдаған.

Том Круз "Алтын глобус" жүлдесін 1990, 1997 және 2000 жылдары иеленді.

Скарлетт Йоханссон мен Марк Руффало бұған дейін "Алтын глобусты" ұйымдастырушыларға сын таққан.

Сонымен қатар Amazon және Netflix өкілдері де осы сипатта наразылық білдіріп, өз фильмдерін бұл сыйлыққа ұсынғандардың тізімінен алып тастады. 1944 жылдан бері актерлерге беріліп келе жатқан сыйлықты ұйымдастырушыларға наразылықтың басты себебі - нәсілшілдік пен қудалаушылық айыбы.

Голливуд жұлдыздары "Алтын глобус" қазылар алқасының 86 мүшесінің арасында бірде-бір афроамерикандықтың болмауына наразы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: