Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР ҚХА төрағасының орынбасары Алматы облысына барды

баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2021 23:36 баспасөз қызметі
Кездесу соңында этномәдени бірлестіктердің өкілдері алғыс хаттармен марапатталды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов жұмыс сапарымен Талдықорғанда болды.

Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасында Марат Әзілханов этномәдени орталықтардың, қоғамдық келісім және Аналар кеңесінің, жетекші журналистер клубының, Алматы облысы ҚХА жанындағы ғылыми – сараптама тобының мүшелерімен кездесіп, құрылым жұмыстарымен танысты.

Кездесуге АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин, Алматы облысы әкімінің орынбасары Б. Байжұманов, Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің және барлық құрылымдардың басшылары мен мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2021 23:36

Өз сөзінде Марат Әзілханов Ассамблея Кеңесі мүшелеріне Ассамблеяның XXIX сессиясының тапсырмаларын іске асыруға белсенді қатысу бойынша хаттаманың орындалуын қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету міндеті қойылғанын атап өтті.

Сондай - ақ, этникааралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин баяндама жасады, ол Ассамблеяның негізгі міндеті – бұқаралық қоғамдық коммуникацияның идеологиялық тетігі ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ҚХА жұмысының негізгі бағыты Ассамблеяның түрлі және көп форматты әлеуметтік жобаларын іске асыру болып табылатынын атап өтті.

Кездесу барысында облыстық "Огни Алатау" газетінің бас редакторы, Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы жетекші журналистер мен сарапшылар клубының төрағасы Атсалим Идигов сөз сөйлеп, түрлі этностардың мемлекеттік тілді меңгеруінің ерекше рөлін атап өтті.

Облыстық ҚХА жанындағы облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Несіпжамал Баймадиева өз сөзінде атқарылған жұмыстар мен жоспарланған іс-шаралар туралы айтып берді.

Медиация институтын дамытуға заң ғылымдарының кандидаты, тренер медиатор Бақыт Шыңғаева өз ұсыныстарын енгізді.

Кездесу соңында этномәдени бірлестіктердің өкілдері алғыс хаттармен марапатталды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: