Дариға Назарбаева жұмыс сапармен Батыс Қазақстан облысына барды
Баспасөз қызметі
Ол онда бірқатар деңгейде кездесу өткізеді.
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Zakon.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат басшысы Дариға Назарбаева облыстық мәслихат депутаттарымен, өңірдегі Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар сенатор кәсіпкер әйелдер қауымдастығының өкілдерімен және ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілерімен де кездесу өткізеді деп жоспарланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript