Қазақстанның құрметті сәулетшісі Шәміл Нысанбаев дүниеден озды
Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы
Шәміл Нысанбаев 9 тамызда 78 жасында қайтыс болды.
Алматының алғашқы Бас жоспары авторларының бірі, Қазақстан Республикасының құрметті сәулетшісі Шәміл Нысанбаев дүниеден озды, деп хабарлайды zakon.kz.
Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы мен "Алматыбасжоспар" ғылыми -зерттеу институты қаралы хабарды растады.
Шәміл Нысанбаев 9 тамызда 78 жасында қайтыс болды.
"Шәміл Еркебұланұлы қаланың көрнекті жоспарлаушысы, адалдық пен жоғары кәсібиліктің үлгісі болып біздің жадымызда мәңгі есте қалады. Шәміл Еркебұланұлының есімі Қазақстан сәулет тарихында алтын әріппен жазылады. Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы мен "Алматыбасжоспар" ғылыми -зерттеу институты ұжымы Шәміл Нысанбаевтың отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтаса отырып көңіл айтады", делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript