Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақ қызы АҚШ-та өткен сұлулық байқауында жүлдегер атанды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2021 23:52 видеодан алынды
Сұлулық байқауы Майамиде 8 мен 11 тамыз аралығында өтті.

Шымкент тумасы Дина Әмір Майамиде өткен әлемдегі ең ірі халықаралық байқаулардың бірі - Miss World International байқауында Miss World Universe номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Байқау жайлы өзінің Инстаграм парақшасында гранд-финалда Қазақстан туымен түскен суретін жариялап, байқаудағы жеңісін мақтан тұтатынын жазды.

Қазақстандық ару сұлулық байқауы үшін онлайн кастингтен өткен, қазылар алқасы Орталық Азиядан сегіз үміткердің ішінен оны таңдап алды. Сұлулық байқауы Майамиде 8 мен 11 тамыз аралығында өтті. Байқауға қатысушылар әлемнің түкпір-түкпірінен жиналды. Фестиваль Queen of the Crowned Filming деп аталды.

Қатысушылар World International және Ms Universe титулдарына таласты.

Байқау маған позитивті эмоция мен жаңа таныстар сыйлады. Менің басты мақсатым әйелдерді жігерлендіру, өзіне, жақсы нәрсеге сеніп, қадам жасауға көмектесу болды, - деп атап өтті қазақстандық.

Оның айтуынша, ол мұндай нәтиже риза және бірінші тәжірибенің нәтижесі жаман болмаған.

Дина Әмір Қазақстанда IT-компанияларда соңғы 7 жыл маркетолог болып жұмыс істеген. Қазір акциялар мен қор нарығына инвестиция салумен айналысады. Ол бір жарым жыл бұрын АҚШ-қа көшіп, штаттарда магистратураға түсуге дайындалып жатыр. Дина конкурс туралы Instagram-нан көріп, кейін өтінім берген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: