Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда ЖОО-ға құжат қабылдау мерзімі ұзартылды

zakon.kz/ Павел Михеев, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2021 16:35 zakon.kz/ Павел Михеев
Айта кетейік, білім гранты иегерлерінің өтінімдері eGov.kz. электрондық үкімет порталы арқылы қабылданып жатыр.

Жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау мерзімі 28 тамызға дейін ұзартылды. Мұндай шешімді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Талапкерлеріміз үшін бұл жақсы жаңалық деп санаймын. Бұл ретте құжат қабылдау мерзімдерін ұзарту бойынша келіп түскен өтініштер саны ескерілді. Білім беру гранттарының иегерлеріне де, ақылы негізде оқуды жоспарлап отырғандарға да мүмкіндік берілді, — деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ЖОО-ға қабылдау үшін құжаттарды 25 тамызға дейін тапсыру қажет болатын.

Айта кетейік, білім гранты иегерлерінің өтінімдері eGov.kz. электрондық үкімет порталы арқылы қабылданып жатыр.

Ақылы негізде оқу үшін жоғары оқу орындарының виртуалдық қабылдау комиссияларына жүгіну қажет. Олардың тізімі ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: