Жаңалықтар тізбегі
0

Қыркүйекте қай жұлдыз иелерінің қолына қарға тышады - жұлдыз жорамал

pixabay.com pixabay.com
Күздің алғашқы айы бірнеше жұлдызнама белгілеріне қаржылық тұрақтылық әкеледі.

Астролог мамандар қыркүйек айының басында қай жұлдыздағы адамдар қаржылық тұрақтылыққа ие болатынын атады, деп хабарлайды zakon.kz.

Күздің алғашқы айы бірнеше жұлдызнама белгілеріне қаржылық тұрақтылық әкеледі, деп хабарлайды MK.ru.

Көріпкел Қажетта Ахметжанова күзде торпақтар, егіздер, мергендер мен тауешкілердің қанжығасы майланатынын болжайды.

Бұл айда торпақтарда қаржылық тұрақтылық орнайды. Күздің бірінші айында шығындарды есептегеннің орнына, өзіңізді дамытуға және білім алуға көбірек көңіл бөлгеніңіз абзал. Карералық баспалдақпен жылжу кейінгі өміріңізде қаржылық тұрақтылықпен қамсыздандыруға көмектеседі.

Ал, егіздер ақша салымын дұрыс жасайтын болса, жемісін көреді. Бенефициарлар мен инвесторлар егіздерге оң қабақпен қарап, қолдау көрсетеді. Биылғы жылдың қыркүйегі кредит алуға таптырмас уақыт. Дегенмен, жеке қажеттіліктеріңізді өтеу үшін көп шығынға да ұшырауыңыз ғажап емес. Осы орайда ақшаның бәрін бірден жұмсаудың орнына, біраз бөлігін кейінге сақтап қойғаныңыз дұрыс болады.

Қыркүйекте сәттілік шаяндардың серігі болмақ. Осы айда басшылық сіздерге ерекше қамқорлық танытады. Жеке қажеттіліктерге көп ақша жұмсауыңыз мүмкін. Мұндай жағдайды болдырмас үшін, кірістер мен шығыстарды жазып, санап жүруіңіз керек. Егер, кіріс-шығысты ретке келтірсеңіз, қаржылық тұрақтылыққа тезірек жетесіз.

Мергендердің табысы шығынына теңесіп отырады. Күздің алғашқы айында шығындарды есептеп, ойша жоспар құрып алыңыз. Тәуекелге баруға қорықпаңыз, түбінде ұтасыз. Егер де жоспар бойынша қимылдасаңыз, ақша жетіспеушілігін сезбейсіз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: