Тамара Асар өзінің жүктілігін неге құпия сақтағанын айтты
видеодан алынды
Өз сұқбатында әнші қызының есімінің мағынасына тоқталды.
Екінші мәрте ана атанған әнші Тамара Асар тұңғышы - Қамбардың бұл жайтты қалай қабыл алғанын айтты.
Бұл ойымен кеше ғана қызы - Ажарды қырқынан шығарып, той өткізген ҚР Еңбек сіңірген қайраткері бүгін "Таңшолпан" бағдарламасының қонағы болып, арнайы берген сұқбатында бөлісті.
Бұл Қамбардың - бұрыннан бергі арман-тілегі. "Қарындасым қашан болады, біз неге көбейміз" дейтін ұдайы кішкентайы кезінен. Бір реті келсе, оның да жөні болар дейтінмін дүдамал күймен. Міне, сол сәт те келіп жетті, - дейді ол.
Сондай-ақ әнші жүктілігін неге құпия сақтағанын жеткізді.
Тұрмысқа шыққанымды да көпке дейін айтпадым. Карантин кезі еді ғой, ондай кезде жалпақ жұртқа жария қылу орынсыз еді. Бір жағынан қазақы дәстүрге басымдық берген соң ұялдым. Қазақы салт демекші, бала қатаюы керек, қырық күн күтіп-баптап, аса қажеттілік болмаса сыртқа да шығаруға болмайды. Сондықтан көп ешкім мұны білмеді. Қазір рұқсат беріп жатыр, сандықтың кілтін ашайық, баламызды жұртқа көрсетейік дедік, - дейді ол.
Өз сұқбатында әнші қызының есімінің мағынасына да тоқталды.
Қызымыздың есімін күйеуіміз екеуміз ақылдасып қойдық. Бұл есімге тоқталған себебіміз, адамның бұл дүниеде жүргенде ажары ашық болуы керек, ішкі де, сыртқы да ажары бір-біріне сай болуы қажет. Осыны негізге алдық. Ең қызығы, жолдасымның анасы - марқұм енем өзінің жалғыз қызы Әселді Ажар деп атағысы келген екен.Біз оны білмедік. Ажардың аты қойылған соң Әсел қоңырау шалып: "Бұл менің атым ғой, мамам басында маған осындай есім бергісі келіп еді, кім қойды оны" деп таң қалысын жасырмады.Ойламаған жерден осылай болды, тылсым дүние хабар берген болар, бұйырғаны осы, - дейді әнші.
Дереккөз: zakon.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript