Tiger Films жаңа фильм түсірмек
"Менің жұлдызды жігітім" атты картинаның сюжеті әзірге ашылған жоқ, бұған дейін "Менің үлкен қазақ отбасым" және "Ағашки по вызову" фильмдерін түсіруге атсалысқан Медет Қалибеков пен Нұржан Еркінұлының сценариймен жұмыс істеп жатқаны белгілі, ал қойылыммен Ален Ниязбеков айналысады.
Жас режиссер сонымен қатар Tiger Films отбасылық комедиясының түсіріліміне қатысты.
Фильмдегі басты рөлдерді Бауыржан Сайтов пен Айдана Меденова сомдайды.
Естеріңізге сала кетейік, Tiger Films арнайы бөлімшесі Kinopark-Kinoplexx Theatres базасында 2021 жылы жеке толықметражды фильмдер шығару, сондай-ақ кино өндірісі бойынша консультациялық қызметтер көрсету мақсатында құрылған болатын. Жыл соңына дейін "Менің үлкен қазақ отбасым" (23 желтоқсан) және "Маша мен Дударай" (30 желтоқсан) комедиялары шығады, ал 2022 жылдың 27 қаңтарында көрермендер Tiger Films-тің үшінші "Ағашки по вызову" картинасын көреді.
Бақытжан Отарбаева