Жаңалықтар тізбегі
0

Көкшетауға жаңа әкім тағайындалды

Көкшетау әкімдігі Көкшетау әкімдігі
Бауыржан Ғайса 1972 жылы туған.

Көкшетау қаласында әкім ауысты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Президенті Әкімшілігі мен қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Ғайса Бауыржан Сейтқалиұлы Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Бауыржан Ғайса 1972 жылы туған.

Челябинск мемлекеттік агроинженерлік университетін бітірген; Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін, Польшаның Кутна қаласындағы мемлекеттік жоғары экономика мектебін бітірген.

Еңбек жолын жұмысшы ретінде бастады.

Кейін әр жылдары "Нұр Отан" ХДП Көкшетау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, "Нұр Отан" партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары, Ақмола облысы Қорғалжын ауданының әкімі қызметтерін атқарды.

Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.

2019 жылдан бастап Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі болған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: