Ақтау тұрғыны Қызыл кітапқа енетін құсты видеоға түсіріп алған
Қаладағы қойма маңын сирек кездесетін құс кезіп жүрген, деп хабарлайды Zakon.kz .
"Лада" басылымының хабарлауынша, ер адам қанаттыны видеоға түсіріп, табанында ерекше таңба барын байқаған.
Бейнежазба облыстық аумақтық инспекцияның қызығушылығын тудырды. Сөйтсе видеодағы құс Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген кербез қанатты болып шықты.
Басылым халықаралық шартқа сәйкес, шымкенттік кербез дуадақтар табиғи ортада болуы үшін Маңғыстау облысына жеткізілетінін хабарлайды. Биылғы жылдың шілде-қыркүйек айларында мұнда оның 2 мыңы әкелінді.
Оқиға орнына аумақтық инспекция мамандары барып, құсты іздеп көргенімен, нәтиже болмады. Қойма базасының иесімен және күзетімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.