Танымал ресейлік актер дүниеден озды
"Жизнь и приключения Мишки Япончика" фильмінен үзінді
Актердың не себеппен көз жұмғаны, әзірге белгісіз.
Танымал ресейлік театр және кино актеры Игорь Савочкин 58 жасында көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Игорь Савочкиннің кеше қайтыс болғанын қазір естідім. Шығармашылық мансабыма алғаш аяқ басқан кезде маған талай жақсылық жасағандардың бірі еді. Игорь "Базелевсте" пост-продакшен қызметін атқарды. Біздің салада жұмыс істемейтіндер оны танымал актер ретінде білді, - деп жазды блогер Алеся Казанцева Facebook парақшасында.
Актердың не себеппен көз жұмғаны, әзірге белгісіз.
Lenta.ru хабарлағандай, артист бұған дейін арқасы ауырып, ауруханаға жатқызылған. Кейінірек ол өзін жақсы сезініп, жақын арада ауруханадан шығатынын айтқан.
Игорь Савочкин Саратов облысының Березовка ауылында 1963 жылы 14 мамырда дүниеге келген. Пакровкадағы театрда, Тимур Бекмамбетовтің "Базелевс" компаняисында жұмыс істеді. Актер ойнаған фильмдердің ішіндегі ең танымалдары "Ночной дозор", "Кука", "Любовь под прикрытием" және "Левиафан". Сондай-ақ, актер "Эпидемия", "Домашний арест" және "Метод" сериалдарына түскен.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript