Жаңалықтар тізбегі
0

Марқұм актер Фархат Әбдірайымовқа марапат берілді

Актер марапатқа ие болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2021 13:08 Сурет: Ф. Әбдірайымовтың жеке мұрағатынан алынды
«Отандық кинематографияға қосқан үлесі үшін»

Марқұм Фархат Әбдірайымовке IX «Бастау» кинофестивалінде «Отандық кинематографияға қосқан үлесі үшін» сыйлығы берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы оның балалары Instagram-да жазды.

Фархат Әбдірайымов көзі тірісінде осы іс-шарада талай рет қазылар алқасының құрамында болған. Оның бастамасымен талай қазақстандық жастар кино саласына келген. Өзі мемлекеттік марапатқа ие болмаcа да, халықтың сүйікті әртісі болды. Ол адамгершіліктің, шыншылдықтың, қайсарлықтың үлгісін көрсетіп кетті.

Біз әкемізге берілген «Отандық кинематографияға қосқан үлесі үшін» марапатын ерекше ыждағатпен қабыл алдық. ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, фестиваль президенті Сергей Жұмабайұлы Әзімовке, іс-шараны ұйымдастырушыларға, сонымен қатар қатысушыларға әкемізге деген құрметі мен махаббаты үшін алғысымызды білдіреміз! Актердің балалары

Айта кетейік, 2021 жылы 21 мамырда Грузиядағы түсірілім кезінде белгілі қазақстандық актер және продюсер Фархат Әбдірайымов 56 жасында қайтыс болды.

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: