Мемлекет басшысы: Әулиеата – нағыз еңбекқор адамдардың мекені

Мемлекет басшысы: Әулиеата – нағыз еңбекқор адамдардың мекені, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2025 17:00 Сурет: akorda.kz
Президент жамбылдықтарға ел дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы мәлімдемесін 2025 жылғы 25 желтоқсанда Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапарында айтты.

"Өздеріңіз білесіздер, биыл бір ел болып "Жұмысшы мамандықтары жылын" атап өттік. Жыл бойы еңбек адамдарына айрықша құрмет көрсеттік. Осы жақсы дәстүр алдағы уақытта да жалғасын табады. Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, қызметін мінсіз атқарған адам қашанда қадірлі болады. Мен мұны үнемі айтып жүрмін. Бұл тұрғыдан алғанда, Жамбыл жұртының ел дамуына қосқан үлесі мол, еңбегі ерен екені белгілі. Әулиеата – нағыз еңбекқор адамдардың мекені. Қазір ортамызда жұмысын адал атқарып, халқымызға аянбай қызмет етіп жүрген азаматтар отыр. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін",- деді ол.

Бұған дейін мемлекет басшысы Жамбыл жұртшылығымен кездесуде жасанды интеллект мәселесін қозғап, бірқатар мәлімдеме жасағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: