Жаңалықтар тізбегі
0

«Ажырасқан» жұлдыздар. Маркетологтар құпияны аша салды

Шоу-бизнес, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2021 23:44 Сурет: pixabay
Сторителинг әдісі шетелде бұрыннан қолданылады екен

Хайп үшін түрлі іс-әрекетке баратын шоу-бизнес өкілдері мен блогерлер тағы бір әдіс ойлап тапты. Енді олар аудитория жинау үшін ажыраса салатын болыпты. Мұны мамандардың өзі айтып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың пайымынша, жалпақ жұрттың назарын аударып, құлағын елең еткізетін кез келген оқиға алдын-ала жоспарланатын көрінеді, делінеді «Еуразия» арнасының жаңалығында.

Қазір сторителлинг деген техника бар. Сол арқылы аудиториясын жоғарылатады. Сондай тәсілдің бірі – ажырасу. Қазір осы тақырып көп төбе көрсетеді. Дұрысы немесе бұрысы: 50-50. Біреу шынымен де ажырасып жатса, «Сториске осылай шығамын. Осылай айтамын» деп аудиториясын көтеру үшін өтірік амалдайтындар да арасында кездеседі. Маркетолог Гүлфарам Тайпозова

Сторителинг әдісі шетелде бұрыннан қолданылады екен.

Бұл тәсіл табысын жоғарылату мақсатында қолданылады. Джей Ло мен Аффлек сөйткен, Ресейде де қазір сондай жағдай көбейіп жатыр. Екінің бірі жұлдыз, курс сатып алады. Оны «подогрев» дейді. Сториске жасайды. Байланысты курсын ашады. Маркетолог Гүлфарам Тайпозова

Қысқасы, көздегендері бір-ақ мақсат. Тағы да халықтан ақша жинау!

Жариялық, жаһандану, атақ үшін жанталасатын қоғам болып отырмыз. Бала-шағасының алдында да жауапкершілік болу керек. Отбасы құндылығы ғажап дүние. Оны жұрттың талқысына салып, болмаған жағдайды болғандай ету – жамандықты шақыру. Сен жақсы болсаң, ел сол хайпсыз-ақ сені көреді. Қоғам белсендісі Қарлығаш Бекпатша

Басынан кешіп жатқандарын еш қымсынбастан бөлісетіндердің қатарында Мөлдір Әуелбекова да бар. Әнші жуырда ғана екінші некесінің сәтсіз аяқталғанын мәлімдеді: «Ұлым мен қызыма қарап өмірге деген құлшынысым оянып, күш-жігер аламын. Себебі, менде басқа амал жоқ».

Жас актриса Жарқынай да жарымен ат құйрығын кесіпті: «Біз бірге емеспіз. Енді Айдар қайда деп сұрамаңыздар. Айланам үшін рахмет айтамын. Осымен өмірімнің осы бір парағы жабылды. Барлықтарыңызға бақыт тілеймін. Менде бәрі жақсы болатынына сеніңіздер».

Қысқасы, ел алдында жүргендердің қосылып-ажырасуы әдетке айналған. Кімдікі рас, кімдікі хайп, оны ажырату, әрине қиын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: