Жаңалықтар тізбегі
0

"Димаштың ізбасары" табылды

"Димаштың ізбасары", жас дарын, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2021 12:07 Сурет: Instagram/p/CJBaoU-Aa_6
Ол жуырда "Central Asia's got talent" байқауында өнер көрсетуі мүмкін

Желіде "Димаштың ізбасары" аталып жүрген Қасен Ошанов Алматы облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында тұрады, дауысы 5 октаваға жететін дарынды бала "Ақ желкен", республикалық "Атадан мұра", халықаралық "Ән әлемі" сынды байқауларда топ жарып үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасен Димаш Құдайбергеннің әндерін сүйіп орындайды.

0, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2021 12:07

Сурет: instagram/oshanov_kasen/

Баласының ерекше дарынына ата-анасы басында мән бермеген. Бұл туралы Қасеннің анасы Nur.kz ақпараттық порталына берген сұхбатында айтты:

Басында бала ғой деп мән бермедік. Кейін өнер мектебіне барғанда ұстаздары дауысы ерекше екенін байқады. Нәдира есімді апайымыз Қасенге көп жүгірді. Түрлі байқауларға апарды. Көптеген республикалық жарыстарға қатысып келіп жүр. Туған-туыстарымыздың барлығы көріп қуанып жатыр. Димаш ағамдай боламын деп талаптанады. Соның әндерін айтады. Қазіргі ұстазы – Ілияс Чугаев.Қасеннің анасы Құндыз Асанова

Анасы Қасеннің бойындағы бұл дарын әжесінен берілген дейді:

Негізі Қасен отбасындағы үшінші бала. 24 жастағы ағасы, 21 жастағы әпкесі бар. Сүт кенжеміз. Ағасы әнге жақын. Домбыра тартып, түрлі байқауларға қатысқан. Қасеннің дарыны әжесінен дарыған деп ойлап қоямыз. Ол кісі де дауысы зор, әнді керемет айтатын кісі болған. Қасеннің анасы

Бүгінде Қасен Ақсу ауданы Е.Исабаев атындағы өнер мектебінде білімін шыңдап жүр. Ол екі апта бұрын "Central Asia's got talent" халықаралық байқауына жарияланған кастингке қатысып, одан сәтті өтті. Алдағы уақытта Қасенді сол байқаудан көруіміз бек мүмкін.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: