Жаңалықтар тізбегі
0

АҚШ соты Болдуиннің телефонын тексеруге ордер берді

Сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2021 14:16 Сурет: Instagram/alecbaldwininsta
АҚШ соты түсірілім алаңында абайсызда оқ атып, операторды өлтіріп алған әрі режиссерді жарақаттаған Алек Болдуиннің телефонын тексеруге ордер берді, деп хабарлайды Zakon.kz

РИА Новости агенттігі АҚШ соты Алек Болдуиннің телефонындағы деректерді тексеруге ордер бергенін хабарлайды. Бұған дейін актердің адвокаттары телефонды сот рұқсатынсыз беруден бас тартқан.

Полиция телефонда кісі өлімін тергеуге қажетті ақпараттар болуы мүмкін деп санайды. Түсірілім алдында актер фильмнің қару-жарақ маманынан өзіне үлкенірек тапанша беруді сұрағаны белгілі. Бұл туралы актердің Ханна Гутеррес-Ридпен хат алмасуы жөнінде тіркелген ордердегі ақпаратта айтылған.

Ол (Болдуин. – Ескерт. ред.) Ханна мен арада электронды хат алмасқанын, онда ол оған әртүрлі тапаншаларды көрсеткенін айтады. Ол үлкен мылтық сұрағанын айтады, сонымен қатар оған Ханна әртүрлі пышақтардың суретін көрсеткен. Алектің назарына ұстайтын жері қоңыр және қызыл Colt көрсетіледі, соңында ол қоңырын таңдайды. Сот ордерінің мәтіні

2021 жылдың 22 қазанында "Тот" фильмін түсіру кезінде Алек Болдуин абайсызда оператор Галина Хатчинсті атып өлтірді және режиссер Джоэль Соузды жарақаттады. Оның тапаншасында өтірік оқтың орнында ұрыс оқ-дәрісі болған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: