Алматыда "Елбасы медалі" иегерлерін марапаттау рәсімі өтті

Алматы жастары, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2021 09:50 Сурет: instagram/elbasy_medali_almaty
Алматы қаласы бойынша "Елбасы медалі" бағдарламасына қатысып, медаль иеленген жастар марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған шара Нұрсұлтан Назарбаев қорының Алматы қаласындағы өкілдігінің мекемесінде ұйымдастырылады. Жалпы, марапатталатындар саны – 199 қатысушы. Олардың қатарында мектеп оқушылары, студент, кәсіпкер, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар да бар. Марапат иелерінің тізімін мына жерден көре аласыздар.

Биыл мамыр айында бастау алған жобаға барлығы 2464 өтінім келіп түсті. Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша бағдарламада 1064 қатысушы өз бақтарын сынап отыр.

Аталған іс-шара аясында "Елбасы медалі" жобасының белсенді жастарын, медаль иегерлерін қала басшылығы, депуттаттар, өнер азаматтары марапаттайтын болады. Былтырғы жылдың нәтижесі бойынша 261 қола медаль иегерлері наурыз айында, 15 қатысушы қазан айында марапатталған болатын. Сонымен қатар, Алматы қаласы бойынша бағдарламаның 51  медаль иегері мемлекеттік грант ұтып алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: