«Елбасы медалі» бағдарламасы үш өңірде жалғасып жатыр
«Елбасы медалі» бағдарламасы - 14 пен 29 жас аралығындағы жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарламада 3 деңгей қарастырылған: қола, күміс және алтын. Қола алты айға созылады, күміс - 12 ай. Алтын деңгейге қатысушылар тапсырмаларды 18 ай ішінде орындайды.
Бүгінгі таңда «Елбасы медалі» бағдарламасының 1500-ден астам қатысушысы спорт, кітап оқу, таланттар мен дағдыларды дамыту, ұлттық мұра, волонтерлік, туристік жорықтар мен еңбек практикасында 7 бағыт бойынша қабілеттерін шыңдауда. Бұл жоба өскелең ұрпақ арасында жаңа трендке айналды.
Қатысушылардың айтуынша, бағдарлама уақытты тиімді пайдалануды, алдыңа мақсат қоюды және оларға жүйелі түрде қол жеткізуді, салауатты өмір салтын ұстануды, азаматтық белсенділік танытуды және тұрақты дамуды үйретеді.
Сурет: «Елбасы академиясы» КҚ
Біз жобаға сұраныс барын, қатысушыларды күшті ынталандыратынын көріп отырмыз. «Елбасы медалі» мультипликативті әсерге ие, өйткені жобаға қатысушының жетістіктерін көріп, олардың туыстары мен жақындары да қызығады. Біз қатысушыларымызды мақтан тұтамыз, олардың жетістіктеріне шын жүректен қуанамыз және жобаны одан әрі дамытып, оны тартымды әрі қызықты етеміз, - деді «Елбасы академиясы» КҚ директоры Асланбек Амрин.
«Елбасы медалі» жобасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен Елбасы академиясымен іске асырылады.