15 жасар Нұрмұхаммед Жақыптың әні TikTok-та трендке айналды
15 жасар қазақстандық әнші Нұрмұхаммед Жақып орындаған "Самая Самая" әні хит болды. Ол музыкалық бейнебаяндар арасында YouTube-тегі трендте екінші орында тұр.
TikTok-та осы трекке 200 мыңнан астам видео түсірілді, ал YouTube-тағы көрсетілім саны 4 миллионнан асады.
Әннің авторы - Нұрмұхаммед Жақып. Оның әкесі Ибрахим Жақып - танымал әнші. Ол баласының продюсері болып табылады.
Нұрмұхаммед орындаған әндері әлеуметтік желілерде жарияланғаннан кейін танымал болды. Содан кейін ол түрлі концерттерге шақырыла бастады.
2018 жылы бала "Мама" әнін жаздырды. Оның бұл әні бірден хитке айналды. Сол кезден бастап ол туралы Ресейде де айтыла бастады. Нұрмұхаммед Андрей Малаховтың "Привет, Андрей!» ток-шоуына қатысты. Бағдарлама Интернетте жарық жұлдызға айналған балалар туралы болды.
Нұрмұхаммедтің Instagram-дағы парақшасын ата-анасы жүргізеді, бірақ қазір бозбаланың өзі фото мен видеолар жариялайтын болған. Ол әлі де ән орындап, ән жазады. Жас орындаушының репертуарында 50-ден астам композиция бар.