Жаңалықтар тізбегі
0

Алтынсаринның «Шарият-ул ислам» кітабының жалғыз түпнұсқасы

Көне жәдігер, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2022 23:46 Сурет: видеодан алынды
Қостанайдағы Ыбырай Алтынсарин мұражайында ағартушының бір ғасырдан астам уақыт бұрын жазған кітабы сақтаулы тұр. Ұлы ұстаздың «Шарият-ул ислам» туындысы – екі мың данадан жалғыз қалған түпнұсқа, деп хабарлайды Zakon.kz

Көне қазына, сондықтан көпшіліктің қызығушылығын тудырып отыр. «Шарият-ул ислам» кітабы 1884 жылы Қазанда араб қарпімен  басылып шықты. 10 жылдан  кейін Орынборда орыс әрпімен қайта жазылды. Ал 1992 жылы Алаш ардақтысы Ақселеу Сейдімбек кітапты  аударып, Ыбырай қазынасын қазаққа қайта ұсынды, делінген Астана телеарнасының арнайы сюжетінде.

Ақселеу Сейдімбек ағамыз осы кітаптың аударылып, қайтадан екінші рет жарыққа шығуына себепкер болды. Яғни ұлы ағартушы,педагог Ы.Алтынсарин  ұстаздың 150 жылдығына байланысты баспаға дайындап  шығарды. Ы.Алтынсарин мұражайының бас қор сақтаушысы Назгүл Төкенқызы
«Шарият-ул ислам» кітабының Ы.Алтынсариннің жазуының басты себебі ол ата дініміз ислам дінін толық дұрыс түсіну мақсатында жазған болатын. Яғни балаларға оны құран тілінде жеңіл, жатық тілде жеткізу мақсатында  болатын. Ы.Алтынсарин мұражайының аға ғылыми қызметкері Гүлдана Саржанқызы

«Мұсылманшылықтың тұтқасы» – таптырмас оқулық.Теңдесі жоқ әдістемелік. Бұл кітап өскелең жастарды имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке, өнер-білімге  бағыттайды. «Құран» мәтінін қарапайым тілмен түсінікті жеткізеді. Ы.Алтынсарин діни терминдердің мән-мағынасын, шариғат заңы  мен адам тәрбиесін тығыз байланыстыра талдаған.

Ибн Ғабиррин деген ғұлама өткен. Сол кісінің Роббдын – Мұқтар деген энциклопедиясы бар 18 томдық. Мына кішкене ғана кітапшада  сол 18 томдық кітаптың  үзінділері кіргізіліп жазылған. Қостанай облыстық мешітінің бас имамы Бақытбек Тәжімбет

Ағартушы Алтынсарин Ильминскийге жазған хатында: «Менің ұрпағым парақор болмауы үшін мектепте адамгершілік, имандылық тақырыбында дәрістер оқимын» деген. «Мұсылманшылық тұтқасы» ұлы ұстаздың  ой толғамының, межелі мақсатының мәуелі жемісі болса керек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: