Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық әнші «Украина дауысы» шоуына барып, қазыларды тәнті етті

Димаш Дәулетов, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2022 17:27 Сурет: instagram/dimash.dauletov
Алматылық Димаш Дәулетов «Украина дауысы» жобасының 12-маусымына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық әнші, «Голос Казахстана» байқауының 2017 жылғы жеңімпазы «Украина дауысы» шоуының көрмей тыңдау кезеңінде Уитни Хьюстонның I Have Nothing әнін орындады. Оның орындауына қазылар алқасының 4 мүшесі де тәнті болып, бәрі бұрылды.

Қазылар Димашты өз командасына шақырып, әлек болды. Бірақ әнші Оля Полякованың командасына баруды таңдады.

Мен осы сәтті көптен бері армандадым. Даусым дірілдеп шықты. Қатты қобалжыдым, себебі орындағанымды бүкіл Қазақстан көреді. Оля Полякова бірінші болып маған бұрылғаннан кейін толқу сәл басылды. Еркін айта бастадым. Сахнаға шықпас бұрын сұхбат бергенде «Төрт тәлімгер де бұрылса екен. Әрі қарай олардың реакциясына қарап, кімге барарымды таңдаймын» деген едім. Дәл солай болды.Димаш Дәулетов

Оля Полякова көрмей тыңдау кезеңінде қазақстандық әншінің өнеріне сүйсініп, оның өз командасына қосылатынына қуанып тұрғанын айтты.

Сіз мені жай ғана бақытты еттіңіз. Өнеріңізге рақмет! Сізбен жұмыс істеу мен үшін үлкен қуаныш және мәртебе. Өте талантты, жарқын, дайын әншісіз. Мен тек бағыт-бағдар беруім керек. Қолымнан келгенін жасаймын.Қазылар алқасының мүшесі Оля Полякова

Айта кетейік, Димаш (Дінмұхаммед) Дәулетов «Голос Казахстана», X-Factor Kazakhstan және I am singer байқауларына қатысқан.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: