Marvel кинематографиялық әлемінің актері қайтыс болды

актер қайтыс болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2022 15:02 Сурет: instagram/marvelstudios
Marvel фильмдерінің бірнеше туындысында генерал Россты сомдаған америкалық актер Уильям Херт қайтыс болды. Актер 72 жасқа болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жалпы, Уильям Херт 100-ден астам фильмде ойнады.

Ол бірнеше Marvel фильмдерінде генерал Тадеус «Найзағай» Росс рөлін ойнады: Қара жесір, Ғажайып Халк, Капитан Америка: Азаматтық соғыс, Кек алушылар: Шексіздік соғысы және Кек алушылар: Ойын соңы сынды туындыларда өнер көрсетті.

Актер «Өрмекші әйелдің шағуы» фильміндегі Луис Молина рөлімен де танымал. Ол үшін Уильям Херт «Үздік ер адам рөлі» номинациясында «Оскар» алды, сонымен қатар Британдық кино және телевидение өнері академиясының жүлдесін және Канн кинофестивалінде күміс жүлдені алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: