Баян Мақсатқызы белсенді азаматтық ұстанымы үшін наградталды
Сурет: instagram/bayanmaxatkyzy
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар қазақстандықтарға мемлекеттік наградалар тапсырды. Марапатталғандар арасында өндіріс саласының өкілдері, денсаулық сақтау, бизнес, мәдениет және ғылым қайраткерлері, спортшылар, еріктілер бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекеттік награда алғандар арасында белгілі продюсер, тележүргізуші Баян Мақсатқызы да бар. Продюсерге мемлекет басшысы атынан мемлекеттік награданы Алматы әкімі Ерболат Досаев табыстады. Бұл туралы Баян Мақсатқызы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
Белсенді азаматтық ұстанымым үшін мемлекеттік сыйлыққа ие болдым. Мен Отанға қызмет етемін! Марапаттар өмірді өзгертпейді, олар жаңа жетістіктер мен жеңістерге шабыттандырады және ынталандырады! Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жоғары баға бергені үшін алғыс айтқым келеді. Мен үшін елімізде өмір сүріп, Отанымызға қызмет ету үлкен мәртебе.Баян Мақсатқызы
Продюсерді әріптестері мен оқырманы желіде құттықтап жатыр.
Айта кетейік, продюсер өзінің парақшасында Қазақстан президентінің жолдауына қатысты пікірін, ұсынысын жазды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript