«Алтын Адам» ұлттық сыйлығының иегері, танымал актер дүниеден озды

Қаралы хабар, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.03.2022 10:11 Сурет: Лермонтов атындағы ұлттық орыс драма театры
Померанцев өз шығармашылық мансабында 300-ден астам рөлде ойнаған. Шәкен Аймановтың "Біздің сүйікті дәрігер" фильмі арқылы көпке кеңінен танымал, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі қазақстандық актер Юрий Померанцев 100 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Лермонтов атындағы театр қаралы хабарды растады.

Юрий Борисұлы - кеңестік және қазақстандық театр және кино актері, режиссер, Халық әртісі және Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Еңбек Ері, "Еңлік гүл" сыйлығының, "Сахнагер" ұлттық театр сыйлығының және "Алтын Адам" ұлттық сыйлығының иегері, Әлемдегі алғашқы балалар театрының негізін қалаушылардың бірі.

Померанцев өз шығармашылық мансабында 300-ден астам рөлде ойнаған, ал оның кәсіби еңбек өтілі - 69 жыл.

Шәкен Аймановтың "Біздің сүйікті дәрігер" фильмі арқылы көпке кеңінен танымал.

Zakon.kz редакциясының ұжымы Юрий Померанцевтың туған-туыстары мен достарына шын жүректен қайғырып, көңіл айтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: