Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі алғаш рет табысталды

Марапаттау рәсімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2022 23:48 Сурет: Zakon.kz
Қазақ тілін дамытуға үлес қосып жүрген тіл жанашырларына тағайындалған жаңа марапат табыс етілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚазАқпарат мәліметінше, «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» атты төсбелгі елімізде тұңғыш рет табысталды.

Соңғы жылдары қоғамдық ұйымдардан мемлекеттік тілді дамыту мәселесін көтеріп жүрген азаматтарды марапаттау үшін салалық төсбелгі әзірлеу туралы ұсыныс түсті. Біз оны қолдап, қарастырып, шешім республикалық деңгейде қабылданды. Нәтижесінде «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» атты төсбелгі әзірленді. Бүгін сол төсбелгімен алғашқыларды марапаттаудың сәті түсіп тұр. Олардың қатарында тілші ғалымдар, тілдік жобалардың авторлары, мектеп мұғалімдері мен ана тілімізге қолдау көрсетіп жүрген тіл жанашырлары бар. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Министрдің айтуынша, аталған марапат елімізде тұңғыш рет беріліп отыр.

«Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» атты төсбелгінің иегерлері:

Мухамбедия Ахметов;

Роза Баттал;

Тайтөлеу Аймағанбетова;

Шерубай Құрманбайұлы;

Қыздархан Рысберген;

Татьяна Валяева;

Гүлнәрайым Қаңтарбекова;

Орынай Жұбай;

Құралай Күдеринова;

Қаратай Түлекеев;

Гүлхан Әлімбекова;

Рауан Кенжеханұлы;

Назгүл Қожабек;

Татьяна Бажиева;

Владислав Тен;

Алмагүл Игенова.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: