Жаңалықтар тізбегі
0

Қытай археологтары ішінде 20 будда мүсіні бар ежелгі үңгірді тауып алды

Археологиялық жәдігер, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2022 22:22 Сурет: pixabay
Мәдени жәдігерлерді қорғау институтының сарапшылары жасанды үңгір 1503 жылы салынған және ондағы мүсіндердің жасы біздің дәуіріміздің 1368-1644 жылдардағы Мин әулетінің билік ету кезеңінде жасалған деп санайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, үңгір Хэбэй провинциясының Шахэ қаласының шетінде орналасқан. Үңгірдің ені - 5,8 м, биіктігі – 2,8 м.

Мәдени жәдігерлерді қорғау институтының директоры Хань Чжиган белгіленген жерден батысқа қарай биіктігі екі метр және ені 69 см болатын тастан қашалған тақтайша табылғанын айтты. Онда жергілікті отбасының ата-бабалар жерін тастап, мұнда ағаштарды баптап, егіс алқабын өңдеп, будда мүсініндерін қашап жасауға көшіп келгені туралы жазылған.

Мамандардың айтуынша, археологтардың қолына Мин әулеті кезінде ауыл құруда қоғамдық кеңістіктің қалай құрылғандығы туралы ерекше тарихи дәлел тиіп отыр. Құнды артефактілер қазірдің өзінде жан-жақты зерттеуге алынып жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: