Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан туристерді қырғыз шекарасындағы Тянь-Шань асулары арқылы өткізуге дайын

Қазақстан туристерді қырғыз шекарасындағы Тянь-Шань асулары арқылы өткізуге дайын, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2022 19:36 Сурет: pixabay
1 шілдеде пилоттық режимде Тянь-Шань таулы аймағындағы бағыттар бойынша, атап айтқанда, «Озерный» және «Сары бұлақ» асулары арқылы туристік топтарды өткізу ұйымдастырылатын болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 26 мамырда Қырғыз Республикасына ресми сапары барысында екі елдің басшылары бірлескен мәлімдемеге қол қойды, оның шеңберінде туризм саласындағы ынтымақтастықты жандандыру, сондай-ақ өзара туристік ағынды ұлғайту мақсатында пилоттық режимде Тянь-Шань таулы аймағындағы бағыттар бойынша, атап айтқанда, «Озерный» және «Сары бұлақ» асулары арқылы туристік топтарды өткізу ұйымдастырылатын болады.

Жоғарыда көрсетілген мәлімдемені және тиісті тапсырманы орындау үшін қазақстандық тарап тау маусымын ашуға арналған барлық қажетті іс-шараларды қабылдады.

Мәселен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туристік қауымдастықпен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, Қазақстан мен Қырғызстанның туристік бизнесі арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде пилоттық жобаны іске асыру тұжырымдамасын әзірледі, пилоттық рұқсаттамаларды ұйымдастыру мәселесі Қазақстан Республикасының коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының депутаттық корпусы қырғыз тарапымен делегациялар отырысында Халықаралық істер, Қорғаныс, Қауіпсіздік комитетінің делегациясымен және Қырғыз Республикасының Жогорку Кенешінің көші-қоны комитетімен келісілді. 

Қазіргі уақытта осы жылдың 1 шілдесінен бастап тау туризмі маусымы кезеңінде өткелдерді ұйымдастыру үшін қырғыз тарапының ұстанымы күтілуде. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2022 жылғы 9 маусымда жоғарыда көрсетілген пилоттық өткелдердің ашылуы туралы Қырғыз Республикасына нота жолдады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: