Жаңалықтар тізбегі
0

Оңтүстік мегаполисте «Бақыт деген - сенің бала күндерің» атты балалар ән байқауы өтті

Фестиваль, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2022 11:59 Сурет: Zakon.kz
Фестивальдың 50-ден астам қатысушысы отандық және шетелдік байқаулардың лауреаты атанып үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

21-22 шілдеде Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында  «Бақыт деген - сенің бала күндерің» атты жыл сайынғы балалар вокалдық фестиваль-байқауының алтыншы кезеңі өтті.

Концерт, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2022 11:59

Сурет: Zakon.kz

Биыл байқауға қатысуға Қазақстанның әр өңірінен 425 өтініш түскен. Вокалдық жағынан мықты деп танылған 20 бала фестивальға іріктеліп алынды, ал байқауға 6 мен 15 жас аралығындағы 10 бала қатысты.

Фестиваль биыл алтыншы рет өткізіліп отыр. Өткен 5 маусымда барлығы 7000 өтініш түскен. Фестивальдың 50-ден астам қатысушысы  Ресейдегі  «Голос. Дети» «Балалар Евровидениесі», «Қазақстан дауысы», «Бала дауысы» және «Central Asia’s got talent» секілді отандық және шетелдік байқаулардың лауреаты атанған.

Бақыт деген - сенің бала күндерің, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2022 11:59

Сурет: Zakon.kz

Байқау екі кезеңнен тұрады.

Бірінші күні байқауға қатысушылар отандық және шетелдік синглдарды орындады. Екінші күні өнерпаз балалар  Әлішер Кәрімов, Әнел Әренова, Салтанат Құдайберген және басқа да эстрада жұлдыздарымен бірігіп дуэт айтты.  

Байқаудың супергран-при жүлдесі Орал қаласынан келген 8 жастағы Айбике Сатпаеваға бұйырды, ал Гран-приді Талдырқорғаннан келген 11 жастағы  Имангелді Аяулым жеңіп алды. Фестивальдің әділ қазылар алқасының мүшелері: Қазақстанның Еңбек сіңірген артисі Айжан Нұрмағанбетова, әнші Бек Оралбеков, продюсер Айнұр Рахимова және  композитор Юлия Лебедева.

Бақыт деген - сенің бала күндерің, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2022 11:59

Сурет: Zakon.kz

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: