Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында азаматтарды біріңғай қабылдау күні өтті

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2019 01:12 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Таңғы сағат 9:00-ден басталған қабылдауға осы уақыт аралығында 50-ден астам азамат жеке сұрақтарымен келіп, тиісті жауаптарын алды.

Түрлі түйіткілдерімен келген тұрғындар аймақ басшылығына арыз-шағымдарын тікелей бетпе-бет жеткізуге мүмкіндік алды. Республика бойынша өткен бірыңғай азаматтарды қабылдау күніне келген облыс тұрғындарының басым бөлігі жеке басының уәжімен келді. Сондай-ақ, әлеуметтік, көлік, туризм, спорт, ауыл шаруашылығы мен инфрақұрылым салалары бойынша бірқатар өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. Бұл туралы Zakon.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Тұрғындардың талап-тілектерін мұқият тыңдаған облыс әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қосман Айтмұхаметов көтерілген мәселелерге байланысты жауапты басқарма басшыларына айтылған арыз-шағымдарды назарға алып, шешуді тапсырды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2019 01:12

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын ілгерілету қадамдарының бірі ретінде 21 қараша күні еліміз бойынша мемлекеттік органдарда Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өткізілді. Басты мақсат – билік органдарының азаматтардың нақты әлеуметтік проблемаларын шеше отырып, халықпен тікелей қатынас орнату.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2019 01:12

Ашық есік күніне келген барлық азаматтар үшін Түркістан облысы әкімдігінде арнайы бөлме ашылған. Онда тұрғындар демалып, теледидар көріп отырып кезек күтуде. Қажет болған жағдайда медициналық және психологиялық көмек көрсету үшін мамандар жұмылдырылған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2019 01:12

Таңғы сағат 9:00-ден басталған қабылдауға осы уақыт аралығында 50-ден астам азамат жеке сұрақтарымен келіп, тиісті жауаптарын алды. Қабылдау кешкі сағат 19:00-ге дейін жалғасады.

Жалпы Түркістан облысы бойынша аудан және қала әкімдерінің қабылдауына 500-ге жуық адам жазылған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2019 01:12

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: