Әлемдегі ең сұлу арудың есімі белгілі болды – БАҚ
Сурет: wikimedia
Әлемдегі ең сұлу ару Оңтүстік Кореяның әншісі, актриса әрі модель Ким Джису болып танылды. Бұл арада бес ай бойы әртүрлі ел тұрғындары арасында өткізілген онлайн-сауалнама деректері негізінде таңдау жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Nubia онлайн-журналының хабарлауынша, дауыс беруге 116 елден 1 миллионнан астам адам қатысты.
Black PINK тобының мүшесі Джитсу 500 мың дауыс жинады. ІІ-орында - тайваньдық ән орындаушы және Twice ұжымының солисі Чжоу Цзу Ю. ІІІ-орынды Blackpink тобы құрамындағы тай әншісі, биші әрі рэпер Лалиса Манобан еншіледі, деп жазады басылым.
Сурет: wikimedia
Бұған дейін аталған журнал әлемдегі ең сұлу жігітті таңдау үшін 11 елден 189 миллионнан астам адамды сауалнамаға тартқан. Нәтижесінде І-орынды қытайлық актер әрі әнші Сяочжан алды, ол 2,2 миллионнан астам дауысқа ие болған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript