Зейнолла Қабдоловтың еңбегі түрік тіліне аударылды
Сурет: pixabay
«Менің Әуезовім». Академик-жазушы Зейнолла Қабдоловтың түрік тілінде жарық көрген «Benim Avezovum» кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Роман-эсседе ұстаз бен шәкірт туралы жан-жақты суреттеледі. Жазушы Мұхтар Әуезовтің университет аудиториясында оқу шеберлігін, шешендігін көрсетіп, лекцияның танымдық табиғатын, тәлімдік мәнін сипаттай отырып, ұстаз образын жасайды.
Кітап 1000 данамен жарық көрген. Жиынға Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, қоғам қайраткері, мәдениеттанушы ғалым Мұхтар Әуезовтің ұлы Мұрат Әуезов және өзге де қоғам қайраткерлері қатысты. Бұл жазушы туралы аударылған бірінші еңбек емес. Бұған дейін әңгімелері де түрік тілінде жарық көрген.
Біздің негізіміз және болашағымыз түрікшілдікпен байланысты. Сондықтан, неғұрлым түркі бауырларымызды өз-өзімізге осы жақсы қасиеттерімізді, іс-әрекеттеріміздің арқасында өзімізге тарта білсек, солардың ортасында бола білсек соғұрлым болашағымыз ашық болады деп ойлаймын. Соны түсінген азаматтарға мыңда бір рақмет. Осы бүгінгі тұасаукесерде ұйымдастырып жатқан. Мұрат Әуезов, қоғам қайраткері, мәдениеттанушы ғалым
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript