"Алматы аруы-2022": People's Choice номинациясы бойынша дауыс беру басталады

Үздіктерді таңдаңыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2022 09:41 Сурет: Zakon.kz
"Алматы аруы-2022" байқауы аясында People's Choice номинациясына басты үміткерлерді іріктеу басталады. Оқырмандардың онлайн-дауыс беруі арқылы 11 сұлудың ішінен ең үздігі таңдалып, жеңімпаз атанады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дауыс беру 11-15 қыркүйек аралығында Zakon.kz сайтының Telegram-арнасында жүргізіледі. 15 қыркүйекте түстен кейін дауыс беру тоқтатылады. Оның нәтижелері конкурстың соңғы күнінде белгілі болады, ең көп онлайн дауыс жинаған жеңімпаздың аты-жөні іле-шала жарияланады.

"Алматы аруы-2022" байқауы шешуші кезеңге тақап қалды. Бірқатар конкурстық турлардан кейін қазылар алқасы 11 қызды іріктеп, байқаудың келесі кезеңіне өткізді.

Сонымен байқауға қатысушыға дауыс беремін десеңіз:

  • Көрсетілген күндері сайттың Telegram-арнасына өтіңіз.

  • Өзіңізге ұнаған қатысушының парақшасын ашыңыз.

  • Сұлудың суретінің астындағы "дауыс беру" түймесін басыңыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: