Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев: Бұл – ұстаз бен шәкірт арасындағы рухани бірліктің символы

Семей, "Ұстаз бен шәкірт" ескерткіші, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2022 16:25 Сурет: akorda.kz
30 қыркүйек күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семейде Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған "Ұстаз бен шәкірт" ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысып, "Бұл – ұстаз бен шәкірт, аға мен іні арасындағы рухани бірліктің символы" деп баға берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент "шын мәнінде, қос алыпты бөле-жарып қарау мүмкін емес" екенін баса айтты.

Олар Абай мұрасын зерттеп, дәріптеуге өлшеусіз еңбек сіңірді. Төл әдебиетімізді жаңа белеске көтерді. Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент "Мұхтар Әуезов Абайды, Абай арқылы қазақты бүкіл әлемге танытқанын" тілге тиек етті.

Ұлы ойшылдың көркем бейнесін сомдап, оның асыл мұрасын адамзаттың ортақ қазынасына қосты. Жазушының әр туындысы жұртымыздың жүрегінен өшпес орын алды. Мұхтар Әуезов – әлем әдебиетінің шыңына көтерілген қаламгер. Қасым-Жомарт Тоқаев

Қайым Мұхамедханов туралы мемлекет басшысы "қуғын-сүргінге ұшыраса да, елге адал қызмет еткенін" айтты.

Ал Қайым Мұхамедханов – ұлы жазушының жақын серігі әрі шәкірті. Ол бүкіл ғұмырын Абайтану, Шәкәрімтану және Алаштану ғылымына арнады. Қуғын-сүргінге ұшыраса да, тағдырдың сынағына қарсы тұрып, еліне адал қызмет етті.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: