Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған "Ұстаз бен шәкірт" ескерткіші ашылды

Семей, Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған ескерткіш, "Ұстаз бен шәкірт", сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2022 13:57 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұстаздар күні қарсаңында Семей қаласында Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған "Ұстаз бен шәкірт" ескерткішін салтанатты түрде ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рәсімнен кейін Мемлекет басшысы халқымыздың ұлы перзенттерінің ұрпақтарымен және зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті.

Сурет: akorda.kz

Семей қаласындағы Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған "Ұстаз бен шәкірт" ескерткішінің авторы – Нұрбол Қалиев.

Сурет: akorda.kz

Мүсін композициясы қоладан, тұғыры тұтас күрт гранитінен жасалған ескерткіштің биіктігі – 4 метр.

Өнер туындысы демеушілер есебінен бой көтерді.

30 қыркүйек күні ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына барып, өңір халқымен кездесті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: