Жаңалықтар тізбегі
0

Алла Пугачева атышулы сарайын 1 млрд рубльге бағалап, сатылымға қойды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2022 17:58 Сурет: Instagram/maxgalkinru
КСРО Халық әртісі әрі ресейлік әнші Алла Пугачева Мәскеу облысындағы өзінің элиталы үйін 1 миллиард рубльге сатып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Mash telegram арнасы хабарлады.

Алла Пугачева Грязь ауылындағы өзінің атышулы сарайын сатылымға қойды. Құны небәрі 1 миллиард рубль. Ол сол үшін, оның үстіне балаларының құжаттарын мектептен алуға Ресейге оралған, деп жазады Mash.

Басылым қымбаттығына байланысты жылжымайтын мүлік әлі сатыла қоймайтынын атап өтеді. Сарайға әншінің жиені (Пугачева) - Никита Пресняков уақытша қарап қалған болатын.

Гарри мен Лизаның сыныптастарының ата-аналарының айтуынша, Алла Борисовна өзінің соңғы сапарында Липковскідегі элиталық 1-ші Мәскеу гимназиясының басшылығынан балаларының жеке іс қағаздарын, сабақ үлгерімі туралы табельдерін, медициналық карталары мен өзге де мадақ-марапат қағаздарын дайындап қоюды талап еткен. Шамасы, соған қарағанда оның бәрін Израильге өзімен бірге алып кететін секілді.

Пугачева балаларымен және күйеуі Максим Галкинмен бірге 2022 жылдың ақпанында Ресейден кетіп қалған. Тамыз айының соңында оның Мәскеуге оралғаны белгілі болды, содан кейін әнші концерт бермейтінін, бірақ өз басына қатысты мәселелерді реттеп алғысы келетінін айтты. Осы келісінде ол әлеуметтік желіде бірнеше сыни мәлімдемелер жариялады, сонымен қатар күйеуінен кейін өзін де шетел тыңшылары тізіміне енгізуді сұрады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: