"Ол - небәрі 28 жастағы Азия қазынасы". Шетелдік телешоуда Димаш туралы айтылды
Сурет: видеодан алынды/chilevision.cl
Оңтүстік Америкадағы танымал "Yo Soy" телешоуында қазылар алқасының бірі Димаш Құдайбергенді әлемдегі теңдесіз әнші деп мойындап, оның шығармашылығына өте жоғары баға берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Youtube-тегі "Звездные секреты" Димаштың әнін орындаған чилилік келіншектің өнеріне егжей-тегжейлі талдау жасады. Сонымен қатар, аталған арна қазылар алқасының Эмми Лобостың музыкалық нөмірін қалай бағалағанына да тоқталады.
Менің ойымша, Сіз өзіңізге өте ауыр, тіпті мүмкін емес міндет қойғансыз. Өйткені диапазонына ешкім шақ келмейтін әлемнің ең мықты дауысын қайталауға тәуекел еткенсіз, түсінесіз бе? Әрине, Сізде жақсы вокал бар, жоғары ноталарды ала аласыз, сонымен қатар терең тенорды да байқап отырмыз. Бірақ бірінен екінші дауысқа өту кезеңдеріңіз бірырғақты, анық емес, кей кездері тым қатты. Димаштың өнерін қайталау - көп жылдар бойғы жұмысты қажет ететін міндет. Ол - Азия қазынасы, небәрі 28 жаста болса да, сахнаға кеше шыға салған адам емес, өте ерте жастан музыкамен айналысқан, онда да кәсіби тұрғыда, ал оның орындауына енді сөз жоқ, керемет әсем", - деп "Yo Soy" телешоуының қазылар алқасының бірі Антонио Воданович Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына өте жоғары баға берді.
Айта кетсек, Оңтүстік Америкадағы танымал "Yo Soy" телешоуында Чили әншісі өнерін көрсету үшін Димаш Құдайбергеннің әнін таңдады. Ол "Ave Maria" композициясын орындады. Димаш Instagram парақшасында өз орындауындағы әнді таңдаған Эмми Лобосқа ризашылық білдіріп, байқауда сәттілік тіледі.
Видеосы мына арада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript