Димаш інісі Мансұр туралы жүрекжарды тілек жазды

Әнші, музыкант, артист Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында туған інісі Мансұр Құдайбергенді туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Димаштың айтуынша, Мансұр бүгін 17 жасқа толды. Ағасы інісіне "қарапайым адами бақыт" тіледі.
"Бүгін менің інім 17 жасқа толды. Өнерің асқақтай берсін! Мансұртай, саған үлкен шығармашылық табыстармен қоса, қарапайым адами бақыт тілеймін. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, халықтың көзайымы бол. Басқа да тілектерімді телефонмен өзіңе айтып жеткіздім", - деп жазды Димаш парақшасына.
Оған қоса әнші туған күніне орай тыңдарманына Мансұрдың өнер көрсеткен видеосын ұсынды.
"Мансұрдың туған күніне орай,сіздерге оның өнерін тамашалауды ұсынамын", - деп жазды Димаш.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript