Димаш Құдайберген бейнебаян түсірілімінен жаңа видео көрсетті

Димаш Құдайберген, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2022 12:56 Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
20 қазан күні Димаш Instagram-дағы парақшасында "Бір аспанның хикаясы" бейнебаянының түсірілімінен кезекті видеосын бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кадр сыртындағы сәттерден тағы видео қалайсыздар ма? - деп жазды Димаш Instagram-дағы парақшасына.

Димаш бөліскен видеода әнші арнайы киіммен және қолында мылтықпен образға кіріп тұрған сәті көрсетілген.

Видеоны тамашалаған соң Димаштың жанкүйерлері бұдан да көп кадр сыртындағы сәттерді көргісі келетінін жазды.

Dears бірден реакция жасап, әншінің жаңа шығармашылығына әрдайым қуанатынын айтты.

Димаш Құдайбергеннің бұл туындысы планетамыздағы адамдардың бірлігіне арналған. Әншінің айтуынша, бұл - "әлемдегі ең қымбат" бейнебаян.

Қыркүйек айының соңында әнші түсірілім барысы туралы видеоны бөліскен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: