Жаңалықтар тізбегі
0

Димаш Құдайберген жанкүйерлерінің бейнебаянды қалай қабылдағанын көрсетті

Димаш Құдайберген, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2022 10:57 Сурет: Zakon.kz
Әнші Димаш Құдайберген 10 қазан күні Instagram-дағы парақшасына видео жариялады. Ол видеода "Бір аспанның хикаясы" клипіне әлемнің түкпір-түкпірінен келген тыңдармандардың реакциясы жиналған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаш Құдайберген "Бір аспанның хикаясы" әнін енді жаза бастағанда бұл ән күнделікті тыңдауға және әуесқойларға арналмағанын алдын ала түсініпті. Әнші бейнебаянға реакция видеолар түсірген оқырманына алғысын айта отырып, әннің көпшілікке арналмағанын жекізді.

Dears, бұл постты менің кейінгі жұмысымды бағалаған адамдарға арнағым келеді. Жазушы Франц Кафка айтқандай, "Бастан қаламға дейінгі жол бастан тілге дейінгі жолдан әлдеқайда ұзағырақ және қиын". Айтқым келгені, мен осы жобада жұмыс істеп жүріп қиналғанымды және менімен бірге көптеген адамдардың бұл азапты сезінгенін білемін. 3 жыл бұрын осы әнді енді ғана жаза бастағанда оның күнделікті тыңдауға, жалпы әуесқойларға арналмағанын түсінген едім, - деп жазды Димаш.

Музыкант осы жобаны қолдаған барша адамға алғысын жеткізді. Ол бүкіл әлемге тыныштық тіледі.

Осы жобаны қолдағандардың барлығына алғыс айтқым келеді. Клипте 300-ден астам адам, оркестр мен хордың жазбасына 100-ге жуық адам жұмыс істеді. Интернеттегі түрлі елдерден адамдардың реакциясын көріп, сіздерге бөлісуді жөн көрдім. Мені әрқашан барлық жағынан қолдағаныңыз үшін рақмет. Өзіңізге қамқор болыңыз және бір-біріңізбен ұрыспаңыздар. Бүкіл әлемде тыныштық болсын.Димаш Құдайберген
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: